Басты бет Балабақшамыз туралы

Балабақшамыз туралы

Әр бала өзін сенімді әрі жайлы сезінетін қамқорлық, даму және шығармашылық кеңістігі.

Балабақшамыз туралы

«7аю» балабақшасының тарихы

Құрметті ата-аналар!

"7аю"  балабақшасына қош келдіңіздер!

«Жеті Аю» балабақшасында қазақ тілінде тәрбие мен білім беретін 3 топ жұмыс істейді: кіші топ, ортаңғы топ және ересек топ. Балабақшада жалпы 61 бала тәрбиеленуде.
Балабақшаның негізгі мақсаты – балаларға сапалы тәрбие мен білім беру, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру.
Педагогикалық ұжымның басым бөлігі жоғары білімді, еңбек өтілі 6 жылдан жоғары тәжірибелі мамандардан құралған.
Балалардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлінеді. Күнделікті бекітілген ас мәзіріне сәйкес 5 мезгіл тамақ беріледі.
Балабақшада балалардың шығармашылық, танымдық, тілдік және дене қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіледі. Біздің басты ұстанымымыз – әр балаға мейіріммен қарап, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.

Біз сіздерге және балаларыңызға әрдайым қуаныштымыз!

 

Балалардың үйлесімді дамуы үшін мейірімді әрі қауіпсіз орта жасаймыз.

Біздің ұстаным

Балабақшамыздың құндылықтары

Балалармен күнделікті жұмыстың негізін құрайтын басты қағидалар.

01

Даму

Балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар.

02

Қамқорлық

Әр балаға жеке әрі мұқият көңіл бөлу.

03

Шығармашылық

Ойын және шығармашылық арқылы қабілет пен талантты ашамыз.

04

Экология

Табиғатқа жауапты әрі ұқыпты қарым-қатынас қалыптастырамыз.